ШЖҚ « №4 қалалық емхана»  1985 жылдан бері жұмыс істейді. Жер көлемінің жалпы алаңы 5612 ш.м (0.56 га). Емхана ғимараты типтік және барлық орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар.

1985 жылы жаңа қалалық емхананың ашылуы ҰОС Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орайластырылған еді. Оның алғашқы міндеттерінің бірі қаланың соғыс және еңбек ардагерлеріне, солтүстік-шығыс бөлігіндегі қала тұрғындарына қызмет көрсету болатын, осыған байланысты емхана алғашқыда «Ветеран» деп аталды

Жаңа емхана құрылысына облыс орталығының барлық тұрғындары қатысты деп айтуға болады, өйткені емхана сол кездегі коммунистік сенбіліктерден түскен қаражатқа салынған болатын.
1985 жылы емхана кілті «Уральскпромстрой» трестінің «Отделстрой» құрылыс басқармасының бастығы М.С.Кондратьев бірінші бас дәрігер Ф.Х.Рамазановқа табыс етіліп, ол жиналған жұртты денсаулық сақтаудың осы жаңа мекемесі бекітілген халыққа жан-жақты және білікті медициналық көмек көрсетілетініне сендірді.

Емхана қуаттылығы ауысымға 375 келушіге есептелді. Біздің кәсіпорын қызметінің басты міндеті аумақтық принцип бойынша халыққа амбулаториялық жағдайда алғашқы медициналық-санитариялық мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде тиісті деңгейде халыққа келесі мамандықтар бойынша консульттивтік-диагнсотикалық көмек көрсетілуде: кардиология, эндокринология, офтальмология, отоларингология, невропатология, хирургия, травматология, урология, онкология, акушерия және гинекология, т.б.. Ультрадыбыстық және рентген зерттеулері жүргізіледі.

Емхананың қызмет көрсететін халық саны 48809 құрайды.