Бүгін № 4 Қалалық емханасында  Имунопрофилактика және химиопрофилактика, туберкулезге қарсы екпе, Манту сынамасын жасаудың техникасы тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға АМСК қызметкерлері, сонымен қатар мектептегі медициналық кабинеттердің медициналық қызметкерлері қатысты. Семинарды дәрігер-фтизиатр Баирова Г.В. мен дәрігер-эпидемиолог Ажигереев Б.Б. өткізді.