Хасайнов Берік Елеусінұлы Батыс Қазақстан облысында туып-өскен, 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын (АММИ) "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын Жәнібек АОА дәрігер-хирург лауазымында бастайды. Бұл лауазымда жұмыс істей отырып, ол өз ісінің білікті маманы, бастамашыл ретінде көрсете білді. 

Ерік-жігер және ұйымдастырушылық қабілетке ие Берік Елеусінұлы 1996 жылы 15 шілдеде Жәнібек №5 АМБ бас дәрігері, 1999 жылы - Жәнібек аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылы - Бөрлі ауданы аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігері, 2006 жылы - БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, 2007 жылы - БҚО денсаулық сақтау басқармасы персоналды басқару қызметінің басшысы, 2017 жылы - №4 қалалық емхананың профилактика бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін №4 қалалық емхана директоры. 
Берік Елеусінұлы өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары біліктілік санатқа ие. 2014 жылы Сидней қаласында (Австралия) "Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың халықаралық тәжірибесі" тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтті. 

Хасайнов Берік Елеусінұлы
 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, "Тәуелсіздікке 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.